JetBrains

JetBrains — бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге және әзірлеу үдерістерін ұйымдастыруға арналған кәсіби құралдардың өндірушісі. Компания өнімдері код жазу мен талдауды, дерекқорлармен жұмысты, CI/CD үдерістерін, жобаларды басқаруды, код сапасын бақылауды және командалық әзірлеуді қамтиды.

JetBrains портфеліне әртүрлі бағдарламалау тілдері мен технологияларға арналған мамандандырылған әзірлеу орталары кіреді: Java және Kotlin үшін IntelliJ IDEA, Python үшін PyCharm, jаvascript және TypeScript үшін WebStorm, PHP үшін PhpStorm, .NET үшін Rider, C және C++ үшін CLion, Go үшін GoLand, Rust үшін RustRover, сондай-ақ дерекқорлармен жұмыс істеуге арналған DataGrip.

Командалық әзірлеу үшін JetBrains үздіксіз интеграция және бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізу үдерістерін автоматтандыруға арналған TeamCity, жобалар мен тапсырмаларды басқаруға арналған YouTrackжәне код сапасын автоматты түрде бақылау мен статикалық талдауға арналған Qodana шешімдерін ұсынады.

Экожүйеге жасанды интеллект негізіндегі құралдар да кіреді. JetBrains AI Assistant IDE ішінде кодпен жұмыс істеуге көмектеседі, ал Junie AI-агенті жобаның контекстін ескере отырып, әзірлеуге қатысты күрделі тапсырмаларды орындай алады.

JetBrains шешімдері өз бағдарламалық өнімдерін, корпоративтік жүйелерді, веб және мобильді қосымшаларды әзірлейтін немесе ірі әзірлеушілер командаларын басқаратын компанияларға арналған. Бірыңғай экожүйе код жазудан және деректермен жұмыс істеуден бастап тестілеуге, сапаны бақылауға және бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізуді автоматтандыруға дейінгі негізгі әзірлеу кезеңдерін қамтуға мүмкіндік береді.

Сарапшының кеңесін алыңыз